spot_img
- Жарнама -spot_img
27.9 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаАқмола облысында оқу жылының басынан бері 1249 оқушыда COVID-19 тіркелді

Ақмола облысында оқу жылының басынан бері 1249 оқушыда COVID-19 тіркелді

-Жарнама -spot_img

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау  департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.

Оның айтуынша, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың зертханалық расталған 1249 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық режимде оқитын оқушылар арасында-510, қашықтықтан оқитын оқушылар арасында-739. Соңғы апталарда мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 258 жағдайы тіркелді, оның ішінде 110 жағдай офлайн және 148 жағдай онлайн режимінде. Ал соңғы тәулікке келетін болсақ, оқушылар арасында аурудың 28 жағдайы тіркеліп отыр. Оның 7-і штаттық режимде,  21-і онлайн режимде оқитын оқушылар арасында. Оқу жылының басынан бері жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының 482 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық офлайн режимінде – 245, онлайн режимінде – 236.

«Қазіргі уақытта өңірде коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты жеті мектеп қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, оның ішінде Зеренді ауданында – 2, Ақкөл ауданында -1, Қорғалжын ауданында -1, Бурабай ауданында -3. COVID-19 зертханалық расталған барлық жағдай бойынша балалар арасында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі», – деді Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img