Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы ұйымдастырған шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған республикалық «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында өткізілді.
Көкшетау қаласынан шыға берістегі «Көкшетау-Щучинск» тас жолының бойындағы «Құлагер» ескерткіштің маңында өткен шараға облыстық экология департаментінің қызметкерлері, «Көкше-цемент» және КДА зауыттары тәрізді жергілікті кәсіпорындардың ұжымдары мен волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысып, 100-ге жуық ағаш отырғызды.
Шараның басты мақсаты – жастарды өздері тұратын елді- мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстарына тарту, сондай – ақ, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау мәдениеті мен дағдыларына баулу. Акция Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында жалғасты.
«Бұл «Естелік саябағы» Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлеріміздің, елім, жерім деп қызмет бабында қаза тапқан азаматтарымызға арналған естелік болып қалады!», — деп атап өтті Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.