Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарЭкономикаСубсидиялар тиімді болуы керек

Субсидиялар тиімді болуы керек

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы тікелей эфирдің кезекті қонағы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Серекпаев болды.

Сұхбат барысында спикер кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары, жүргізілетін ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану, өңірдің ауыл шаруашылығындағы экспорттық әлеуеті, сондай-ақ даму перспективалары туралы айтып берді.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы астық, бұршақ, майлы, жемдік дақылдарды өсіру және жаңа сорттарды құру технологияларын әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын республикадағы жетекші мекеме болып табылады. Жұмыс кезеңінде Орталық ғалымдары 200-ден астам сорт шығарып, мемлекеттік сорттық сынауға берді, селекциялық жетістіктерге 99 патент, 12 инновациялық, пайдалы модельге 10, өнертабысқа 6 патент алды. Ақмола облысының егіс алқаптарының 80% — ы орталық әзірлеген сорттармен себілген (негізінен жаздық бидай мен арпа).

АӨК саласындағы субсидиялау мәселелері туралы айта келе, Нұрлан Серекпаев өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидия ала алмайтынын, яғни субсидия алуға өтінім берген 100 адамның ішінен тек 50 фермер ғана субсидия ала алатынын атап өтті. Бұл бюджет қаражатының жетіспеушілігіне де, субсидиялау тетігінің жетілмегендігіне де байланысты. Сондықтан қазір осы саланы жан-жақты талдау қажет.

Оның пікірінше, субсидиялау жүйесін барынша ашық және айқын ету, субсидиялар алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оларды берудің нақты критерийлерін әзірлеу, субсидиялар беруді цифрландыруды қамтамасыз ету қажет.

«Еңбек өнімділігін арттыру және өсімдік шаруашылығы не мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы табысын ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың тиімді жүйесін әзірлеу кезінде нәтижеге, өндірістің тиімділігіне бағдарлану қажет деп санаймын. Кез келген фермер мемлекеттің қолдауына сенімді болуы тиіс, бұл ретте ол ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізіп, өңірге пайда әкелуі, өз ісін жүргізудің жақсы тарихы болуы тиіс», — деді спикер.

Сонымен қатар, Орталық басшысы атап өткендей, субсидиялардың қандай түрлері республиканың азық-түлік қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді болатынын анықтау қажет. Өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өсірілуі қиын, бірақ саланы дамыту үшін қажетті дақылдар бойынша субсидиялар беруге назар аудару қажет.

Сондай-ақ, аграрлық сектор мемлекеттік қолдау туралы біле отырып, осы дақылдарды өсірумен айналысуға ынталандырылатын болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...