Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаСубсидиялар тиімді болуы керек

Субсидиялар тиімді болуы керек

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы тікелей эфирдің кезекті қонағы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Серекпаев болды.

Сұхбат барысында спикер кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары, жүргізілетін ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану, өңірдің ауыл шаруашылығындағы экспорттық әлеуеті, сондай-ақ даму перспективалары туралы айтып берді.

Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы астық, бұршақ, майлы, жемдік дақылдарды өсіру және жаңа сорттарды құру технологияларын әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын республикадағы жетекші мекеме болып табылады. Жұмыс кезеңінде Орталық ғалымдары 200-ден астам сорт шығарып, мемлекеттік сорттық сынауға берді, селекциялық жетістіктерге 99 патент, 12 инновациялық, пайдалы модельге 10, өнертабысқа 6 патент алды. Ақмола облысының егіс алқаптарының 80% – ы орталық әзірлеген сорттармен себілген (негізінен жаздық бидай мен арпа).

АӨК саласындағы субсидиялау мәселелері туралы айта келе, Нұрлан Серекпаев өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидия ала алмайтынын, яғни субсидия алуға өтінім берген 100 адамның ішінен тек 50 фермер ғана субсидия ала алатынын атап өтті. Бұл бюджет қаражатының жетіспеушілігіне де, субсидиялау тетігінің жетілмегендігіне де байланысты. Сондықтан қазір осы саланы жан-жақты талдау қажет.

Оның пікірінше, субсидиялау жүйесін барынша ашық және айқын ету, субсидиялар алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оларды берудің нақты критерийлерін әзірлеу, субсидиялар беруді цифрландыруды қамтамасыз ету қажет.

«Еңбек өнімділігін арттыру және өсімдік шаруашылығы не мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы табысын ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың тиімді жүйесін әзірлеу кезінде нәтижеге, өндірістің тиімділігіне бағдарлану қажет деп санаймын. Кез келген фермер мемлекеттің қолдауына сенімді болуы тиіс, бұл ретте ол ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізіп, өңірге пайда әкелуі, өз ісін жүргізудің жақсы тарихы болуы тиіс», – деді спикер.

Сонымен қатар, Орталық басшысы атап өткендей, субсидиялардың қандай түрлері республиканың азық-түлік қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді болатынын анықтау қажет. Өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өсірілуі қиын, бірақ саланы дамыту үшін қажетті дақылдар бойынша субсидиялар беруге назар аудару қажет.

Сондай-ақ, аграрлық сектор мемлекеттік қолдау туралы біле отырып, осы дақылдарды өсірумен айналысуға ынталандырылатын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...