Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанҚарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды

2 қыркүйекте Қарағанды облысында «Шахтер» орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімінен басталды. Төтенше оқиға кезінде 15 адам, оның ішінде 6 әскери қызметші мен азаматтық қорғау органдарының 9 қызметкері қаза тапқан болатын.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының ТЖ министрлері, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрінің бірінші орынбасары Александр Чуприян, сондай-ақ 15 елдің қатысушылары мен делегаттары қатысты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрінің бірінші орынбасары – Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин және жарыстың бас төрешісі Нейедлы Александр құттықтау сөз сөйледі.

Чемпионат алауы жағылғаннан кейін, салтанатты шара аясында әйелдер мен ерлер командалары арасында шабуыл сатысымен көтеріліп, жеңімпаздарды марапаттау бойынша финалдық жарыстар өтті.

Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде командалар 100 метрлік кедергілерден өтетін болады. Келесі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионаты мен әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатында бірінші орынға ие болған командаларға жаңа автокөліктердің кілттері табыс етіледі.

Қазақстанда мұндай іс-шара екінші мәрте өтіп отыр. 2014 жылы чемпионаттың әлем біріншілігі тұңғыш рет Алматы қаласында өткен болатын.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әлемнің түрлі елдерінің азаматтық қорғау органдары саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...