Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16.4 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайыздан астамы электрондық форматта көрсетіледі

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайыздан астамы электрондық форматта көрсетіледі

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында кезекті тікелей эфирде облыс әкімі аппаратының мемлекеттiк қызметтердің ұсынылуын талдау бөлiмiнің басшысы Данагүл Жұмабек мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Бөлім басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметтер тізілімінде қарастырылған жергілікті атқарушы органдар көрсететін 172 қызмет түрінің 157-сі немесе 91,3 пайыз Еgov порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі тегін көрсетіледі, бұл шамамен 86 пайыз. Ақылы қызметтер тек рұқсат беру құжаттары бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне әсер етеді, осы жағдайларда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдардың алдында «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау және оларды тиісті Тізілімге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді барынша цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді эфир қонағы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша облыстық ЖАО қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айта келе, Данагүл Жұмабек қызмет көрсету кезінде қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында күн сайын мониторинг және бақылау жүргізілетінін атап өтті. Өткен кезеңде 111 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша әртүрлі тәртіптік жазалар шығара отырып, 252 ұсыным әзірленді.

«Өңірдің әрбір тұрғынының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру біз үшін басым бағыт болып табылады. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда облыстың барлық 19 өңірінде «сервистік әкімдіктер» жұмыс істейді, онда азаматтар қажетті мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Сондай – ақ, ауылдық округтерде де халыққа қызмет көрсетудің «сервистік» форматына көшу жүзеге асырылуда», – деді спикер.

Сонымен қатар, Данагүл Жұмабектің айтуынша, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында 1016-дан астам «Еgov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. ЖАО-ның құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және азаматтардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын анықтамаларды талап етпеу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Egov Mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану жөніндегі ақпарат 229 баннерде, сондай-ақ ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...