Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Данияр Қуанышбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев таныстырды, ол оның мемлекеттік басқару саласындағы үлкен кәсіби тәжірибесін атап өтті.
«Қазіргі уақытта басқарма алдында жылыту маусымына дайындықты уақтылы аяқтау және Елорда маңындағы өңірлердің тұрғындарын газдандыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы басқа да маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселесі тұр», – деп атап өтті М.Тәткеев.
Данияр Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті, кейін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ді «құрылыс» мамандығы бойынша тәмәмдап, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды.
Еңбек жолын Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды.
2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы 23 шілдеден бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Дереккөз:  ҚазАқпарат
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...