Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Данияр Қуанышбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның жаңа басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев таныстырды, ол оның мемлекеттік басқару саласындағы үлкен кәсіби тәжірибесін атап өтті.
«Қазіргі уақытта басқарма алдында жылыту маусымына дайындықты уақтылы аяқтау және Елорда маңындағы өңірлердің тұрғындарын газдандыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы басқа да маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселесі тұр», – деп атап өтті М.Тәткеев.
Данияр Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті, кейін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ді «құрылыс» мамандығы бойынша тәмәмдап, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды.
Еңбек жолын Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды.
2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы 23 шілдеден бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Дереккөз:  ҚазАқпарат
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...