Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлАқкөл қаласында Абай кітаптарының көрмесі өтті

Ақкөл қаласында Абай кітаптарының көрмесі өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Ұлы ақын әлемі» атты кітап экспозициясын 1990 жылы Абай есімі берілген Ақкөл аудандық кітапханасы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шара көрнекті ақын мен философтың өмірін, шығармашылығын, бай рухани мұрасын насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

«Ашық аспан астында кітап көрмесін өткізу форматы қала тұрғындарының көңілінен шықты. Көрмеде Абайдың еңбектері ғана емес, ол туралы кітаптар, сондай-ақ оның шығармаларының аудармалары да ұсынылған. Шара барысында кітапханашылар Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Жастар «Абайдың Қара сөздері», «Қыс» және «Жаз» шығармаларынан үзінділер оқыды. Көрменің арқасында Ақкөл тұрғындары қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысының шығармашылық әлеміне енуге тағы бір керемет мүмкіндік алды», – деді шараны ұйымдастырушылар.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторина ұйымдастырылды. Сауалнама қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Айталық, Абай күні облыста Ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау бойынша 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында челлендждер, көрмелер, байқаулар, викториналар, онлайн-форматтағы концерттер бар.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...