spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді - Үкімет отырысы

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді – Үкімет отырысы

-Жарнама -spot_img

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 тамыздан бастан Қазақстандағы коронавирустың таралу индексі 9 пайызға, 1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 пайызға төмендеді. Күнделікті мониторингке сәйкес өңірлер шегіндегі төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Республика жойында жүктеме 54 пайызды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45 пайыз», – деді министр.

Оның атап өтуінше,елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар. «Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 пайыз, Ақтөбе облысында – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 63 пайыз», – деді Алексей Цой.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img