Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыА. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, АӨК, өнеркәсіп және туризм

А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, АӨК, өнеркәсіп және туризм

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Степногорск қаласында Үкімет басшысы агроөнеркәсіптік сектор, химия өнеркәсібі және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына – «Қазақстанның жылыжай технологиялары», «Степногорск» ЕМК» мойынтірек зауытына, пестицидтерді шығаратын «Астана-Нан Chemicals» зауытына, «Степногорск тау-кен химия комбинатына», «Қазақалтын Technology» және «Ақсу Technology» кәсіпорындарына барды.

Көкшетау қаласында Премьер-Министр 200 төсек орнына арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, өңірге жеткізілген елімізде құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді, жедел жәрдем машиналарын қарап шықты. Үкімет басшысына өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық шаралары туралы баяндалды.

А. Мамин қаланың әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы объектілерінің салыну барысымен, іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалармен, сондай-ақ осы жылғы қараша айында өтетін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жұмыстарымен танысты.

Көкшетау қаласы экономикасының қала құраушы салалары — машина жасау, құрылыс индустриясы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, көлік-логистика қызметтері. 2020 жылдың 10 айында қалада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 41,4%-ға – 108,1 млрд теңгеге дейін, инвестициялар көлемі 1,7 есе – 49,8 млрд теңгеге дейін, құрылыс жұмыстары 1,9 есе – 25,9 млрд теңгеге дейін өсті.

Бурабай ауданының Щучинск қаласында Премьер-Министр «IQanat High School of Burabay» мектебіне барып, Бурабай к. туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған жоспары аясында көзделген барлық іс-шараларды аяқтау, сонымен қатар Туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

2020 жылдың 10 айында Ақмола облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,1%-ға – 509,7 млрд теңгеге дейін, өнеркәсіптік өндіріс 6,8%-ға –  732 млрд теңгеге дейін, негізгі капиталға салынған инвестициялар 23%-ға – 297,6 млрд теңгеге дейін артты.

Дереккөз: https://primeminister.kz

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...