Четверг, 10 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыЖыл басынан бері Ақмола облысының үш тұрғыны шетелге емделуге...

Жыл басынан бері Ақмола облысының үш тұрғыны шетелге емделуге жіберілді

2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімі бойынша шетелге емделуге 3 пациентті жіберді: 1 адам қажетті көмекті толық көлемде алды, 1 адам шетелде емдеу алуда калды ал ушінші  
емдеуге дайындалуда Ақмола облысының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы хабарлайды..

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шетелдік клиникалармен 787 млн теңге сомаға шарт жасасты.

Қаражат туыс емес донордан сүйек кемігін транспланттауды жүргізуге, ағзаларды транспланттауға, стереотаксикалық радиотерапияға/радиохирургиялық емдеуге, протондық терапияға бағытталған. Осылайша, шетелде емделетін негізгі аурулар трансплантация, онкогематология және жеке органдардың онкологиясы профильдеріне жатады.

«Қазақстандықтар 2012 жылдан бастап бюджет есебінен шетелге емделуге барады. Бұл бағдарлама біздің елімізде әлі дамымаған немесе өткізілмеген жоғары технологиялық қызмет түрлерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған», — Жусупова Алия Ақмола облысының филиалының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директоры айтты. 

Азаматтарды шетелге емделуге жіберу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекет сондай-ақ пациенттің және оның алып жүрушілерінің көлік шығындарын өтейді.

Бағдарлама пациенттер жеке қаражаты үшін шетелдік медициналық клиникаларға емделуге баратын жағдайларға қолданылмайды.

Шетелде емдеудің орындылығы туралы мәселені қарау үшін пациент республикалық денсаулық сақтау ұйымына (ҒЗИ, медициналық орталық) жүгінуі қажет, ол пациентті шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығарады, құжаттар пакетін ӘМСҚ базасында жұмыс істейтін шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органының қарауына ұсынады. Жұмыс органы туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://fms.kz/ru/content/napravlenie-grazhdan-na-lechenie-za-rubezh.

Соңғы шешімді алқалы орган болып табылатын денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясы қабылдайды. Шетелде ем қабылдауға үміткер пациенттер құжаттарын қарастыру кезеңдерін өз өтінім кодтары арқылы комиссия жұмыс органының бөлімінде қадағалай алады https://info.fms.kz/publicHome/(publicHomeOutlet:WorkBody) Пациенттерге өтінім коды олардың құжаттары жұмыс органына түскен уақытта жұмыс органы қызметкерлерімен беріледі.

Қазақстан Ресей, Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Германия, Испания және т. б. алдыңғы қатарлы бейінді клиникалармен ынтымақтастық орнатқан. Шетелдік медициналық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер – қажетті емдеу бағдарламасының болуы, емдеудің инновациялық әдістерін пайдалану, баға саясаты.

Бұдан басқа, бұл бағдарлама республикалық медициналық ұйымдар базасында Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық қызметтердің дамуын ынталандырады. Тартылған шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізеді.Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге 100-ден астам пациент жіберіледі, шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емделуге 30-дан астам пациент жіберіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...