spot_img
spot_img
9.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысы аумағында "Ақбөкен" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Ақмола облысы аумағында «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

-Жарнама -spot_img

2022 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында Ақмола облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу, ақбөкендерге браконьерлік жасау, олардың дериваттары мен жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге, сатып алуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесу мақсатында «Ақбөкен» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр.

ЖАІШ өткізуге ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмылдырылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өтуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыстық ПД табиғатты қорғау полициясы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы саласында 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында аң аулау ережелерін бұзу жөнінде 6 әкімшілік іс толтырылып, ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img