Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған сап түзеу және ән байқауы өтті

Ақмола облысында Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған сап түзеу және ән байқауы өтті

4 мамыр күні Тәуелсіздік алаңында Балалар жылы аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнін мерекелеуге, ұшқыш-шабуылдаушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Жеңіс парадына қатысушы, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған облыстық сап түзеу және ән байқауы өтті.

Байқауға Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінен құралған 30 команда қатысты. Байқау кезінде қатысушылар  Тәуелсіздік алаңында салтанатты маршпен өтіп, саптық әндер орындады.

Парадты 5510 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон штабының бастығы, майор Василий Гунько басқарды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, азаматтық борышты орындауға жауапкершілік сезімі мектеп қабырғасынан басталып, өмір бойы жалғасатынын атап өтті. Өңір басшысы жастарды басты құндылықтар – Тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырды және әрбір қазақстандықтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау екенін ерекше атап өтті.

«Бүгін облыстық байқауға 500-ге жуық адам қатысуда. Байқау жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Отан мүддесін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Байқаудың қорытындысы бойынша ұлдар арасында 1 орынды азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жеңіп алды. 2 орынды Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжінің командасы мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы иемденсе, 3 орынға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің,  «Арна» колледжінің және Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің командалары ие болды. Қыздар арасында 1 орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің  командасы жеңіп алды. 2 орынға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қыздар командасы, 3 орынды «Арна» колледжінің қыздар командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...