Ақмола облысы әкімінің өкімімен Шоқан Жетпісбайұлы Оразалин Ақмола облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Оразалин Ш.Ж. 1977 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агроинженерия бакалавры», 2013 жылы Көкше академиясын – «тарих бакалавры», 2020 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін — «экономика ғылымдарының магистрі» біліктілігі бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын совхоз жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары орта мектеп мұғалімі, Щучинск гуманитарлық-техникалық колледжінің, Бурабай аграрлық-техникалық колледжінің, Щучинск қаласының экология және орман шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері, сондай-ақ Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.
Тағайындауға дейін Шоқан Жетпісбайұлы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.