Сенбі, Сәуір 27, 2024
8.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Шоқан Жетпісбайұлы Оразалин Ақмола облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Оразалин Ш.Ж. 1977 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агроинженерия бакалавры», 2013 жылы Көкше академиясын – «тарих бакалавры», 2020 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін – «экономика ғылымдарының магистрі» біліктілігі бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын совхоз жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдары орта мектеп мұғалімі, Щучинск гуманитарлық-техникалық колледжінің, Бурабай аграрлық-техникалық колледжінің, Щучинск қаласының экология және орман шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері, сондай-ақ Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін Шоқан Жетпісбайұлы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...