-28.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысы COVID-19 таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті

Ақмола облысы COVID-19 таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша,  репродуктивті санды есептеу кезінде коронавирус инфекциясының таралуы өңірде өткен аптамен салыстырғанда 47 жағдайға көбейіп отыр. Репродуктивті көрсеткіш-1,03. Ол көп болған жағдайда өңір «қызыл» аймаққа өтеді.

«Жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Алдын ала бірдеме айтуға әлі ерте. Сондықтан, өзгерістер туралы алдағы апта да айтылатын болады», — деді Айнагүл Мусина.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Ақмола облысында COVID-19 расталған 6917 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 56 ақмолалық ауырып, 70 адам сауығып шықты. 411 адам инфекциялық стационарларда емделуде. Өлім саны-94. 25 желтоқсандағы репродуктивті көрсеткіш 1,03 құрады.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img