Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарӨз үйім - өлең төсегім!

Өз үйім — өлең төсегім!

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Nur Otan» партиясы Атбасар аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Онда негізінен, құрылыс пен қолжетімді баспана жайлы кеңірек мәлімет берді. Отбасы институтын нығайта отырып, өмір сапасын жақсарту үшін баспана алу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтып берді.

«Өз үйім — өлең төсегім» деп текке айтылмаса керек. Баспанасы бар адамның беркесі бар. Сондықтан да шаңырақ көтерген әрбір отбасы тұрғын үй алудың жолын қарастырады. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер аз емес. Мәселен, Атбасар ауданы бойынша 994 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 25-і көпбалалы отбасы. Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік үй көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған  отбасыларға берілді.

Аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Nur Otan» партиясы көппәтерлі үйлердің құрылысын салуды  мақсат етіп отыр:

— Аумағы 32 мың шаршы метрді құрайтын бес 100 пәтерлік үйді салуды көздейді. Осылайша, 500 отбасыны баспанамен қамтуға болады;

— Жыл сайын 4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру;

— Жоғарыда айтылған көппәтерлі үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу;

     — Жиырма төрт 45 пәтерлік үйлерді (жалдамалы – 18, несиелік – 6) салу;

     — Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік көпқабатты үйдің жобалық сметалық    құжаты дайындалып жатыр.

— 69 жеке үй салу үшін де құрылыс жоспарланған;

— Атбасар қаласындағы қан орталығының бұрынғы ғиамаратын қайта жөндеуден өткізіп, медицина қызметкерлері үшін баспана ретінде беру.

Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Ампилова Антонина Васильевнаның үйіне де барып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері жайлы айтып берді. А.Ампилова 38 жыл медицина саласында еңбек етті. Оның 35 жылын жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының фельдшері болып тер төкті. Он бір жыл бұрын зейнетке шықты. Нұржан Бектұрғанұлы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өйткені бұл партия барлық азаматтар үшін ашық! Партия әрбір тұрғынды бағалайды және бірге оң жетістіктерге жететініне сенімді!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...