Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері парасаттылыққа шақырылды

Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері парасаттылыққа шақырылды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов пен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлік субъектісінен пара алу фактісі бойынша басшы лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде енгізілген ұсынысты қарады.

Қылмыстық құқық бұзушылық қызметтік міндеттерін адал атқармау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктерін заңнамалық деңгейде нақты регламенттеудің болмауы салдарынан мүмкін болды.

Осыған байланысты, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстық Антикор бірқатар нақты ұсынымдар, оның ішінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу үшін ұсынымдар енгізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаментінің басшысы сөз сөйлеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыс тек кінәлі адамдарды анықтау мен жазалауды көздемеуі тиіс екенін атап өтті.

«Өкінішке орай, жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық фактілері қайталанып отырады, бұл басты проблемаларды шешпейді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізу қажет. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен орын алып отырған проблемалық мәселелерді сындарлы талқылау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет ету үшін жергілікті атқарушы органдардың басшылығы алдын алу сипатындағы шаралар жүйесін іске асыруға тікелей және белсенді қатысуы қажет», — деді Арман Рахимов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...