Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 200-ден астам қызметшінің құқықтары қорғалды

Ақмола облысында 200-ден астам қызметшінің құқықтары қорғалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бөлігінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы шығарылды.

Мәселен, талданып отырған кезеңде Департамент жүргізілген тексерулер мен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 44 мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қорғады және қалпына келтірді, олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарда профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша – 39 және 5 жоспардан тыс тексерулер мен азаматтардың өтініштері бойынша.

Мысалы, Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының бірінің дербес бөлімі басшысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысушының өтініші негізінде Департамент тексеру жүргізді, оның барысында конкурстық іріктеу рәсімдерінің бұзылуы анықталды, конкурс қорытындылары жойылды, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, қызметші тәртіптік жаза қолдану туралы актіге шағымданды, жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және заңсыз шығарылған актінің күшін жою туралы орындауға міндетті нұсқама енгізді.

Айта кету керек, Департамент талдау жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөледі, оның қорытындысы бойынша қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру туралы шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша Департаментпен 10-ға жуық талдау жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 64 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, демалыс беру және қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау қорытындысы бойынша Департаментпен қызметшілердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстар өтеледі.

Бұдан басқа, қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес іссапарға кетер алдында іссапарға жіберілген қызметкерге жол ақысын төлеуге тиесілі сома, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар және тәуліктік сома беріледі.

Өз кезегінде, Департамент жүргізген талдауда жалпы сомасы 243 700 теңгеге уақтылы төлемеудің 95 фактісі және іссапар шығыстарын төлемеудің 8 фактісі анықталды.

Бұдан басқа, Заңның 54-бабы 1-тармағының мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын уақтылы төлемеу бойынша 33 бұзушылық анықталды.

Жүргізілген талдау қорытындысымен 48 қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, атап айтқанда Департамент талаптарының негізінде қызметшілерге іссапар шығыстарының тиесілі сомалары және демалысқа жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам уақыт төлемегені үшін өсімпұл төленді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 10 заңсыз актінің күші жойылды.

Бұл жерде Заңның 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші оның пікірі бойынша негізсіз айыптар болған кезде қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, егер мемлекеттік қызметші жазбаша түсініктемесінде оған тағылған теріс қылықпен келіспеген жағдайда, мемлекеттік органдарды қызметтік тергеу тағайындауға міндеттейді.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.

Жұмыс уақытының режимін сақтау мониторингі бойынша жүргізілетін жұмыстың қорытындысы бойынша 99 қызметшінің құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді, осылайша 17 мемлекеттік органға бару қорытындысы бойынша 7 акт жасалды, оның негізінде 18 қызметшіге демалыс сағаттары берілді және 81 қызметшінің құқықтары есепке алуды бақылау жүйесінің мониторингі арқылы қалпына келтірілді.

Барлық қабылданған шаралар бізге еңбек бұзушылықтарының санын қысқартуға, сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ануар Омаров, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...