Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында 50-ден астам адам трассадан жылыту пункттеріне эвакуацияланды

Ақмола облысында 50-ден астам адам трассадан жылыту пункттеріне эвакуацияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының бірнеше ауданында автожолдардың жабылуына байланысты трассадан 51 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды, — деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Адамдар Жақсы, Зеренді, Атбасар және Бурабай аудандарындағы жылыту пункттеріне эвакуацияланған.

Жол-көлік оқиғасына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері «Шортанды кенті-Нұр-сұлтан қаласы» 16 а/м, «Щучинск қаласы-Көкшетау қаласы» 80 а/м бағытында екі автоколонна-96 автомашина құрастырып, алып жүрді.

ТЖД қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою мақсатында жеке құрамның 370 адамы және жүріп өту мүмкіндігі жоғары шассиде 76 автомобиль дайындалды, олар төтенше жағдайларға барынша ұшырағыштықты ескере отырып бөлімшелер бойынша бөлінді.
Ауа райы жағдайына байланысты межелі пункттен тыс қалған азаматтарды қабылдауға және уақытша орналастыруға 268 жылыту пункті және 193 тамақтану пункті дайындалды.

Облыстың автожолдарында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін үш трассалық медициналық-құтқару пункті (Аршалы, Бұланды және Жақсы аудандарында) жұмыс істейді, олар шұғыл жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Ақмола облысының ТЖД азаматтардан алдағы боран туралы СМС хабарлама алған кезде хабарламаларды ескеріп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...