Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаЖол апатынан зардап шеккен жүргізуші құтқарылды

Жол апатынан зардап шеккен жүргізуші құтқарылды

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында полиция қызметкерлерінен Көкшетау қаласы Н.Назарбаев даңғылы 1 мекен-жайы бойынша М.Ғабдуллин қиылысында жол – көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші мен жолаушы зардап шеккені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

«Audi» автокөлігі қарсы жолаққа шығып, № 13 автобус маршрутымен соқтығысуға жол бергендіктен адамдарды зақымдалған машинадан шығару үшін көмек қажет болды.
Аталған мекен-жай бойынша апат орнына Көкшетау қ. жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымының 5 құтқарушысы шықты. Бес минут ішінде ЖКО орнына келген құтқарушылар автокөліктен ішінен қатты жарақат алып, есеңгіреп қалған 2001 ж. т. ер адамды тез арада шығарып алды.

Сондай-ақ, құтқарушылар жүргізуші орындығының механизміне жету және оны жылжыту үшін көліктің артқы орындығын бөлшектеп, иықтары мен қабырғалары сынған және соққыға ұшыраған 1980 ж.т. қызды шығарып алған.

Жасақ құтқарушылары жүргізген үйлесімді және жедел құтқару операциясының нәтижесінде зардап шеккендер ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...