spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы өтеді

Ақмола облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы өтеді

-Жарнама -spot_img

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, браконьерлерді анықтау, киіктерді заңсыз аулауды алдын алу және жолын кесу мақсатында республикалық «Ақбөкен» акциясын қолға алмақшы.

Акция сәуірдің 15-нен басталып, мамырдың 15-не дейін жалғасады.

Айталық, киіктер елімізде аулауға мүлдем тыйым салынған жануарлардың түрлеріне жатады және оны атуға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен мүдделі мемлекеттік органдар ақбөкендер ең көп мекендейтін аумақтарды ғана емес, бүкіл өңірде де тұрақты негізде алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Еске сала кетсек, ақбөкендерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау бойынша қылмыс жасаған адамға мүлкін тәркілей отырып,  3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мүйізді ақбөкен үшін залал 1500 айлық есептік көрсеткіш (5 175 000 теңге), ақбөкеннің аналығы мен төлі үшін залал 1050 айлық есептік көрсеткіш (3 622 500 теңге) құрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img