Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының слеті өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында өскелең ұрпақ арасында жоғары адамгершілік пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының онлайн-слеті өтті.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаментінің басшысы Арман Рахимов жастарға сөз сөйледі. Ол қазіргі жастар бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құруға қабілетті аға буынның мұрагері болуы керек екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру қажет. Сондықтан, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаттарын нығайту шеңберінде жастар активімен ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі болуы тиіс. Бүгінгі слет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың қуатты драйвері болуға дайын өңірдің ең белсенді жастарын жинағанына сенімдімін», — деді Арман Рахимов.

2 күндік онлайн-слет 3 кезеңде өтті, олардан өту үшін облыстың 2 қаласы және 19 ауданының оқу орындарының командалары «Адал ұрпақ» клубтарының визит карточкаларын ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта зияткерлік-танымдық викторинаға қатысты, сондай-ақ печа-куча форматында білім беру саласында парасаттылықты қалыптастыру бойынша жобаларды ұсынды. Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайында облыстың белсенді жастары қатарынан ерікті мектеп және студенттік клубтар өкілдерінің жыл сайынғы облыстық слеті екінші жыл қатарынан онлайн-форматта өткізіліп келеді. Өңірде барлығы 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...