Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының слеті өтті

Ақмола облысында өскелең ұрпақ арасында жоғары адамгершілік пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының онлайн-слеті өтті.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаментінің басшысы Арман Рахимов жастарға сөз сөйледі. Ол қазіргі жастар бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құруға қабілетті аға буынның мұрагері болуы керек екенін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру қажет. Сондықтан, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаттарын нығайту шеңберінде жастар активімен ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі болуы тиіс. Бүгінгі слет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың қуатты драйвері болуға дайын өңірдің ең белсенді жастарын жинағанына сенімдімін», – деді Арман Рахимов.

2 күндік онлайн-слет 3 кезеңде өтті, олардан өту үшін облыстың 2 қаласы және 19 ауданының оқу орындарының командалары «Адал ұрпақ» клубтарының визит карточкаларын ұсынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта зияткерлік-танымдық викторинаға қатысты, сондай-ақ печа-куча форматында білім беру саласында парасаттылықты қалыптастыру бойынша жобаларды ұсынды. Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайында облыстың белсенді жастары қатарынан ерікті мектеп және студенттік клубтар өкілдерінің жыл сайынғы облыстық слеті екінші жыл қатарынан онлайн-форматта өткізіліп келеді. Өңірде барлығы 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмыс істейді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...