Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында адвокат 10 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Ақмола облысында адвокат 10 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде жұмсалған уақыт туралы көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, тергеушінің атынан 10 миллион теңгеге жуық сомаға 15 жалған қаулы дайындаған, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Әділет министрлігі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін бюджет қаражаты есебінен төлеу туралы қаулыларға талдау жүргізді.

Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің салдарынан Ақмола облысының адвокаты 9,6 миллион теңгеден астам ақша қаражатын заңсыз алғаны анықталды.

Сот үкімімен адвокат ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1) тармағы, 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 50-бабының 3-бөлігі негізінде адвокат бес жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді және Әділет министрлігі адвокатқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданысын тоқтатты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында адвокатпен жымқырылған ақша қаражаты бюджетке қайтарылды.

Министрлік осындай фактілерді анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі тұрақты негізде жұмысты жүргізуде.

Бұдан басқа, 2021 жылғы сәуірден бастап еліміздің бүкіл аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне бөлінетін бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...