Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында аккумулятор ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұсталды

Ақмола облысында аккумулятор ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қосшы қалалық Полиция бөліміне Тайтөбе ауылының 21 жастағы тұрғыны хабарласып, ақпанның 3-не қараған түні белгісіз біреулер қазандық ғимаратынан  «КамАЗ» жүк көлігінің аккумуляторларын, автономды жылытқышты ұрлап әкеткенін айтты. Келтірілген залал сомасы 1 млн теңгені құрады.

Ақпанның 6-да Целиноград ауданының Полиция бөліміне Қараөткел ауылының 39 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, үйдің ауласында тұрған «Шансиман» жүк көліген  аккумулятор ұрланғанын айтты. Ал ақпанның 3-7 аралығында Қосшы қаласы мен Целиноград ауданының 7 тұрғыны полицияға осындай өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады. Тайтөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны мен Астананың 22 жастағы тұрғыны елорда маңындағы аймақта ұрлықтың 5 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Зиянкестер ұрлықты түнде жасаған, ауыр жүк көліктері мен арнайы техникадан ұрланған аккумуляторлық батареяларды олар автомобильмен әкетіп, астаналық аккумуляторларды қабылдау пунктіне тапсырған.

Тәртіп сақшылары ұрланған аккумляторларды иелеріне қайтарды. Келтірілген залал сомасы 2 млн теңгеден асты. Барлық деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеумен күдіктілердің барлық жағдайлары мен басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...