spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында қару-жарақ арсеналы табылды

Ақмола облысында қару-жарақ арсеналы табылды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы Полиция департаменті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Учаске» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қарасай айналма жолында қару-жарақ арсеналын тапты.

Бетонды суағар жертөлесінен полицейлер атыс қаруының төрт бірлігін тауып алып, тәркіледі: МЦ 2112 маркалы тегіс ұңғылы мылтығы, ЗК 20 калибрлі мылтығы, ТОЗ 5 мылтығы, ИЖ-К 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі. Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Ақмола облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img