Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында «Аталар аманаты» кантатасы әзірленді

Ақмола облысында «Аталар аманаты» кантатасы әзірленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Тұңғыш рет Қазақстанның мәдени астанасы – Көкшетау қаласында қазақтың халық шығармашылығын, ән өнерін, көрнекті жерлестеріміз Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан салдың шығармашылығын дәріптеу мақсатында арнайы жоба – «Аталар аманаты» кантатасы әзірленді, деп хабарлайды Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап тәуелсіздікке ұмтылған бабалар бейнесін, ұлы дала ұрпағына халқымыздың ғасырлар бойғы дәстүрлерінің рухани байлығын суреттейтін музыкалық шығарма, теңдесі жоқ қайталанбас туынды. Сарыарқаның халық ән мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау – музыкалық жобаның басты мақсаты.

Музыкасы Қазақстан Республикасының Композиторлар Одағының мүшесі Арман Жайымовтікі, ал либретто Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, жыршы, еліміздегі жалғыз манасшы, белгілі жерлес ақын Баянғали Әлімжанұлынікі, қоюшы режиссері Фархадбек Қанафин, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Жанат Рашит. Орындайтын К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі және солистер.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...