Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарӘлемЕуроодақ елшілері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады

Еуроодақ елшілері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Еуроодақ елдерінің елшілері Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін мақұлдады. Бұл пакет, атап айтқанда, жеке тұлғалар мен қаржы институттарына қатысты шектеулерді, сондай-ақ Ресейден көмір әкелуге және жоғары технологиялық тауарлар жеткізуге эмбарго жариялауды қарастырады.

Тиісті шешім бейсенбі күні Францияның Еуроодақ төрағалығының Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейге қарсы өте маңызды шаралар пакеті санкцияларды жаңа салаларға салады. Атап өткенде, біз бірнеше ресейлік банктердің активтерін бұғаттау, Ресейден көмір импорттауға тыйым салу, Ресейге қарсы қару эмбаргосы, Ресейге жоғары технологиялық тауарларды экспорттауға тыйым салу туралы айтып отырмыз», — делінген мәлімдемеде.

Тыйым салынған экспорттық тауарлардың көлемі 10 млрд еуроға бағаланады, ал «шикізат пен маңызды материалдардың» импортына қойылған шектеулер 5,5 млрд еуроны құрайтын тауарларға әсер етеді. Сонымен қатар, Ресей туымен жүзетін кемелерге Еуропа елдерінің порттарына кіруге тыйым салынады, ал Ресей Федерациясы мен Беларусьтің көлік компаниялары енді Еуроодақ аумағында жұмыс істей алмайды.

Мәлімдемеде ресейлік кәсіпкерлер мен «насихатшыларға» қатысты жаңа шектеулер бөлек жазылған. Санкциялар Ресей Қарулы Күштерінің Украинадағы арнайы әскери операциясына байланысты қауіпсіздік қызметі, әскерилер және өнеркәсіп пен технологиялық секторлардағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне де қатысты.

«ЕО Кеңесі аталған шаралар пакетін жазбаша рәсімнің бөлігі аясында қабылдайды және ертең (8 сәуір — ТАСС) ЕО ресми журналында жариялануы тиіс», делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы ЕО-ның талқыланып жатқан санкцияларының бесінші пакетіне кірмейтіні, бірақ Еуроодақ сыртқы істер министрлері оны 11 сәуірде қарастыратыны туралы хабарланған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...