Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында автожолдарды су тасқынына дайындап жатыр

Ақмола облысында автожолдарды су тасқынына дайындап жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды. Барлық су өткізу құрылыстары мен көпірлерде жол қызметтері мен мердігерлік ұйымдар тазарту жұмыстарын жүргізеді. Тасқынға қарсы іс-шараларды ҚР ИИДМ жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы облыстық филиалының мамандары қатаң қадағалайды.

Республикалық, жергілікті автожолдарда барлығы 3 мыңнан астам су өткізу құрылыстары мен 500 көпір бар, олардың уақтылы тазаланбауы су тасқыны кезеңінде көлік инфрақұрылымы нысандарына е теріс әсер етеді. Бұл тас жолдардың толып кетуіне, шайылуына, асфальтбетон жабыны мен жол төсемінің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Республикалық маңызы бар жол учаскелерінде «Қазақавтожол» серіктестігімен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылған, облыстық маңызы бар жолдарда мердігерлік ұйымдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күштері мен арнайы техникасы жұмыс істейді.

«Жыл басынан бері автожолдардың қыс мезгілінде күтіп ұсталуын қадағалаймыз, әсіресе ұзақ қар жауған және қатты жауын-шашын кезінде жұмысты күшейтеміз. Бізде автожолдарда барлығы 227 қар басатын учаске бар. Бұл көктемде сол участкелерді көп ылғал болып, жол жабынының жай-күйіне кері әсер тигізудің тәуекелдері бар. Осыдан ақаулар пайда болады. Сондықтан, осы кезеңде барлық тазалау жұмыстарын мұқият және уақтылы жүргізу, Доңғалақты және қисық сызықты брустарды қардан тазарту, төсемді жабыннан алып тастау маңызды», — деп бөлісті Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы өңірлік филиалының сапаны бақылау және мемлекеттік есепке алу бөлімінің инженері Игорь Стефан.

Игорь Стефанның айтуынша, қысқы күтіп-ұстау кезінде бұрын анықталған барлық бұзушылықтар бойынша барлық жол қызметтеріне ескертулер жіберілген. Мұндай бұзушылықтар жыл басынан бері 70-тен астам анықталған. Бұзушылықтарды түзетпеген ұйымдар бойынша ұйғарымдар жасалып, Ақмола облысының полиция департаментіне жолданатын болады.

Ведомствода атап өткендей, барлық бақылау-инспекциялық жұмыстар мен жолдарды көктемгі тексеруі жалғасатын болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...