Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғам"AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалы активінің отырысы болып өтті

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы активінің отырысы болып өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыстық партия активінің отырысы болып өтті. Онда Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттары талқыланды.

Онлайн форматта өткен облыстық партия активінің отырысын жүргізген партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ғалым Бекмағамбетов Жолдаудың партия жұмысына қатысты басым бағыттарына тоқталды.

Ол өз сөзінде Президенттің саяси реформалары партияны нығайта түсетінін айтты. «AMANAT» партиясы жаңа саяси кезеңге де, партия алаңына қатысты жаңа ережелерге де дайын.

Біріншіден, «AMANAT» – бұл дербес және өз бетінше әрекет етуге қабілетті, қалыптасқан институт. Оның барлық қажетті ресурстары — ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, кадрлық, кең ауқымды филиалдар желісі, үлкен электоралды тәжірибесі, идеологиялық белсенділері мен сенімді қолдаушылардың қалыптасқан өзегі, нақты идеологиялық платформасы бар.

Екіншіден, біздің партия трансформациялау бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асыруға кірісіп кетті. Ол партия жұмысына елеулі өзгерістер жасауға бағытталған. Партия аппаратының тиімділігін арттырудағы ерекше екіпін берілген тұсы – орталықсыздандыру (децентрализация). Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес»,-деді.

Бұл ретте Ғалым Мәдешұлы партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді-мекендерінде мобильді қабылдау жүргізуді бастағанын мысал ретінде келтірді. Сөйтіп, партия қарапайым халықпен бірге екендігін көрсетуде.

Партияның актив отырысында сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Балпан биліктің жергілікті атқарушы және өкілді органдарының жұмысын жандандыру бойынша Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарына тоқталды. Ел Президентінің мәслихаттардың рөлін арттыру, олардың дербестігін қамтамасыз ету қажеттігіне мән бере отыра, облыстық мәслихат депутаттарының бұл бағытта атқарылған жұмыстарына да тоқталды.

Мәселен, өткен жылы депутаттық корпус 600 сұрақтан тұратын тізімді қалыптастырып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қарауға жіберген. Нәтижесінде олардың 42% — ы оң шешімін тапқан.

Жиында сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі Кеңестің Төрағасы Берген Беспалинов, партияның Сандықтау аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Лариса Ловягина және Целиноград ауданының Мәншүк ауылының әкімі, ауылдағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғани Исаев сөз сөйледі.

Айта кетейік, Ғани Қуантайұлы 2021 жылы «AMANAT» партиясы атынан алғашқы ауыл әкімдерінің сайлауына қатысып, басым дауыспен жеңіске жеткен болатын. Ол бүгінде халықтың сенімінен шығып отыр. Себебі, ауылда оның бастамасымен бірқатар игілікті істер атқарылған.

«Мәншүк Мәметова ауылының әкімі болған алғашқы кезеңде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында қыруар істер атқарылды: барлық жолдарға асфальт төселді, көше жарығы орнатылды, жаңа балабақша, жас мамандарға арналған жатақхана, мамандарға арналған үйлер, шағын-маркет, жаңа кафе, спорттық алаңы салынды, жаңа су құбыры тартылды және т.б.

Тұрғындарымыздың үмітін ақтап, 2021 жылдың шілде айында өткен ауыл әкімдерінің сайлауында маған дауыс беру арқылы халық осы қызметті тағы да сеніп тапсырды», — деді ол өз сөзінде.

Партия активіне қатысушылар Президенттің жүйелі проблемалармен күресудің нақты тиімді тетіктерін ұсынғанын атап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...