Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында қаза тапқан полиция полковнигін еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Ақмола облысында қаза тапқан полиция полковнигін еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылды

Полиция полковнигі Қайырлы Молдахметұлы Кинаятовтың есімі әрбір ақмола полицейіне таныс. Ол қатардағы жауынгер лауазымынан бастап полковник атағына дейінгі қызметтің барлық сатыларынан өткен ақылды басшы, тамаша ұйымдастырушы, нағыз офицер! Қ. Молдахметұлы аймақ полициясы үшін шын мәнінде тарихи оқиғаға қатысқан қызметкер ретінде көптеген шәкірттері мен серіктестерінің жадында сақталып қалды.

Қайырлы Молдахметұлының жарқын өмірі 2005 жылы қайғылы апат салдарынан үзілді, алайда, 18 жыл өтсе де аты аңызға айналған полковниктің Полиция департаментіндегі кәсіби кадрлық ядросының қалыптасуына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды.
Бурабай ауданы Полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына Қайырлы Молдахметұлының еңбегі мен жоғары адам қасиеттеріне құрмет ретінде мемориалдық тақта орналастырылды.

Салтанатты шараға Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Қ.М. Кинаятовтың туыстары, басқа өңірдің, Астана қаласынан және көрші облыстардан келген ішкі істер органдарының жеке құрамы мен ардагерлері қатысты.

Бейбіт митингтің ашылу рәсімін бастаған Д.А. Таев алдымен Қайырлы Молдахметұлының кадр жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары лауазымындағы еңбегіне тоқталып. Полиция полковнигі К.М. Кинаятовтың озық тәжірибесі қазіргі уақытта да пайдалы, ол бүгінгі жүргізіліп жатқан кадр саясатында да өзекті.

Полиция полковнигі Қ.М. Кинаятовты еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу маңыздылығын ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев пен Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевта атап өтті. Щучье АІІБ-де онымен қатар жұмыс істеген Дулатбек Мұқышев Қайырлы Молдахметұлының адал серік және үздік басшы бол білгенін айтып берді.

Қайырлы Молдахметұлының ағасы Сабырбек Кинаятов іс-шараны ұйымдастырушыларға Кинаятовтар отбасының атынан ағасының есіміне құрметпен қарағаны және оның сіңірген еңбегіне жоғары баға бергені үшін үлкен алғыс білдірді.

Мемориалды тақтаны ашу құрметі Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев пен Қ.М. Кинаятовтың ұлы Асхатқа берілді. Кенеп алынып тасталғаннан кейін үш рет оқ атылды және салтанатты митинг қатысушылары ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Полиция полковнигі Қайырлы Молдахметұлы Кинаятов Көкшетау облысы Арықбалық ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1980 жылы оның ішкі істер органдарындағы қызметі карантиндік бекеттерде қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі милиционер қызметінен басталды. КСРО ІІМ Алма-ата арнайы орта мектебін бітіргеннен кейін, Володар АІІБ учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді.

Қайырлы Молдахметұлы ішкі істер органдарының барлық бағыттары бойынша жұмыс істеді: инспектор, содан кейін ӘЖҰКБ аға жедел уәкілі, Рузаев АІІБ бастығының орынбасары және екі жыл осы АІІБ бастығы. 1996 жылы полиция полковнигі Қ.М. Кинаятов сол кездегі ең ірі Щучье аудандық ішкі істер бөліміне қызметке тағайындалды. Бұл лауазымда Қайырлы Молдахметұлы 8 жыл жұмыс істеді.

2004 жылы оның ұйымдастырушылық қабілеті мен практикалық тәжірибесін ескере отырып, Қайырлы Молдахметұлы Ішкі істер департаменті бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Осындай жауапты қызметте болған жылы көп нәрсе жасалды, бірақ қайғылы оқиға полиция полковнигінің өмірін мансабының шыңында тоқтатты. Бүгінде оның ісі шәкірттерінде жалғасуда, олар өмір бойы көшбасшысының өсиеттерін алып жүрді.

Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының атына Қайырлы Молдахметұлының ұлы Асхат ерекше алғысын білдірді. Жас кардиолог өзінің бүкіл отбасы, анасы мен әпкелері атынан жылы сөздер айтты.

Ұлының айтуынша, әкесі оны жиі жұмысқа алып баратын, Щучье ауданының Полиция бөлімі сол кездегі кішкентай Асхаттың жадында мәңгі қалды.

Айта кету керек, бұл жолы ішкі істер органдарының ардагерлері спорттық рухты көрсетті. Салтанатты митингіден кейін бірден спорт залында полиция полковнигі К.М. Кинаятовты еске алуға арналған екі турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Динамо» ДСҚ атынан естелік сыйлықтар, медальдар және грамоталар марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...