spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында азаматтардан тіркелмеген қаруды сатып алу акция өтеді

Ақмола облысында азаматтардан тіркелмеген қаруды сатып алу акция өтеді

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап Ақмола облысында халықтан заңсыз сақталған тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акциясы өтеді. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Ерікті тапсыру үшін төлем сомасы қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты болады.

Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады және 25 сәуірден бастап қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне, не өзінің учаскелік инспекторына, не лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөліміне өтініш бере алады. Өтінішке жеке куәліктің көшірмесін, жеке банктік шоттың көшірмесін қоса беру қажет.

Криминалист қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттар болып танылған, ішкі істер органдарында «криминалдық қару» және «тіркелген қару» ретінде есепте тұрған, қолдан жасалған оқ-дәрілер, тегіс ұңғылы, газды және травматикалық қару патрондарына сыйақы қарастырылмайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img