spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКөкшетаулық өзгенің құжаттарын пайдалана отырып, дизель электр станциясын заңсыз иеленген

Көкшетаулық өзгенің құжаттарын пайдалана отырып, дизель электр станциясын заңсыз иеленген

-Жарнама -spot_img

А.ж. сәуір айында 39 жастағы қала тұрғыны Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық әрекеттер туралы жүгінген. Ер адамның сөзі бойынша белгісіз адам одан жалған құжаттармен қымбат электр құрылғысын жалға алып, кейіннен қайта сатқан. Шығын 500 000 теңгені құрады. Белгілі болғандай қаскүнем біреудің жүргізуші куәлігін кепілге қалдырған.

Аталған арыз бойынша криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны болып табылатын 28 жастағы «сатып алушы» анықталды. Жедел уәкілдер құжаттардың нақты иесін анықтады, ол өзінің жеке құжаттарын шынымен жоғалтқанын, бірақ бірден қалпына келтіргенін түсіндірді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img