Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамБАҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы өткен байқау қорытындысы шығарылды

БАҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы өткен байқау қорытындысы шығарылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үздік журналистік жұмыстарға конкурс өтті.

Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті ұйымдастырды.

Конкурстың негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам мен журналистердің назарын аудару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен және объективті жария еткені үшін БАҚ өкілдерін көтермелеу.

Журналистика ардагерлері мен жұртшылық өкілдері кірген конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау кезінде мәселені талдаудың тереңдігі мен толықтығына, баяндау стиліне, авторлық ойдың дербестігіне және материалды беру ерекшелігіне назар аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша «үздік телевизиялық жұмыс» номинациясын «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалының орыс редакциясының шеф-редакторы Сәния Кобжосарова жеңіп алды. «Үздік баспа басылымы» номинациясында бірінші орынды «Бурабай» газетінің редакторы Жеңіс Оспанов, ал «Үздік интернет-жарияланым» номинациясында «ҚазАқпарат» ХАА-ның аймақтағы меншікті тілшісі Аслан Оспанов жеңіп алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы белсенді диалог алаңы қызметін атқара отырып, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылып жатқан барлық бастамалар мен іс-шаралар туралы хабардар етуге көмектеседі. Цифрландыру дәуірінде БАҚ-пен сенімді серіктестер ретінде тығыз және берік қарым-қатынас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...