Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында «Балалар жылы» салтанатты түрде бастау алды

Ақмола облысында «Балалар жылы» салтанатты түрде бастау алды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін «Bolashaq Saraiy» концерт залында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен балалар жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Ақмола облысының аудандары мен қалаларының 400 оқушысы қатысты.

Ермек Боранбайұлы өз сөзінде балаларды құттықтады.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балалардың дарындылығын дамытуға үнемі назар аударады, өзінің бағдарламалық құжаттарында ол жаңа өмір жағдайларына бейімделуі, сыни ойлауы, кәсіби бағдарланған және үйлесімді дамуы тиіс жаңа ұрпақпен жұмыс істеуге баса назар аударады. Олар Қазақстанның болашағы», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында Ермек Маржықпаев «Bolashaq Saraiy»-ның жас шәкірттері — «РобоОлимп» халықаралық байқауының 1 орын иегері Талғат Мақсат және «Euro Stars» халықаралық өнер фестивалінің 1 орын иегері Қуатқызы Ясминамен бірге Балалар жылының бастау батырмасын басты.

Айта кету керек, Балалар жылының басталуы аясында Ақмола облысында алғаш рет «JasSkills Аqmola-2022″чемпионаты басталды.

Балалар жылының салтанатты ашылуы аясында балалар инфрақұрылымын дамыту, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың құқықтарын қорғау бойынша бастамалар көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылды Мемлекет басшысы Балалар жылы деп жариялады.  Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығымен бекітілген.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...