Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысДипломдық жұмыс жасатпақшы болған көкшетаулық студент алаяққа алданып қалды

Дипломдық жұмыс жасатпақшы болған көкшетаулық студент алаяққа алданып қалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде жергілікті оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті полицияға алаяқтықтан зардап шеккендігі туралы өтініш берген.

Жәбірленушінің айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде дипломдық жұмыстарды дайындау туралы хабарландыруды көрген. Кейін оның авторымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласып, ұсынылған шарттармен келісіп, жұмысқа қойылатын талаптарды айтқан. Сонымен бірге, өтініш беруші түсіндіргендей, ол бастапқыда дипломдық жұмысқа алдын-ала төлем жасаған, содан кейін әйел адам барлық соманы талап еткен. Еш күдігі жоқ зардап шегуші аталған 85 000 теңге мөлшерінде соманы аударды. Ақша алғаннан кейін әйел байланысқа шықпай қойған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерінен тағы бір студент зардап шеккенін анықтады, сонымен қатар 2020 жылы әйел осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары кезекті рет облыс тұрғындарынан ешбір жағдайда интернетте тауар сатушыларға өз паспорттық деректеріңізді, жеке кабинеттердің парольдерін, банк шоттарының деректемелерін хабарламауды, оларға сатып алынатын тауар үшін толық немесе ішінара алдын ала төлем аудармауды сұрайды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...