spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында бензовоз тесіліп, 3 тонна жанар-жағар май жолға төгілді

Ақмола облысында бензовоз тесіліп, 3 тонна жанар-жағар май жолға төгілді

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай маусымның 1-де Жібек жолы аумағы арқылы өтетін «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1289 шақырымында орын алған. Бұл туралы сол күні сағат 15:30 Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне хабарланды.

Анықталғандай, жүргізуші тиелген 7 тонна жанар-жағар майды Нұр-Сұлтан қаласына апара жатқан. Жолда «DAF» көлігінің цистернасы тесіліп, 3 тонна жуық жанар-жағар май тас жолдың үстіне төгілді. Бұл өз кезегінде өзге көліктердің жүруіне қауіп төндірді.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолдың аталмыш учаскесін уақытша жапты. Кейін өрт сөндірушілер жетіп, жанар-жағар май төгілген жерді сумен шайып, құм шашты. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 630 бабының 1-бөлігі «жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img