1.2 C
Кокшетау
Четверг, 30 ноября, 2023
ЖаңалықтарОқиғаБағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жігітті көлік қағып кетті

Бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан жігітті көлік қағып кетті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 2 маусымында Нұр-Сұлтан қалалық ПД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне Талапкер ауылының аумағында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1237 шақырымында «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы телефон хабарламасы түсті.

Анықталғандай Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған 20 жастағы астаналық жолды рұқсат етілген тұсынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан Талапкер ауылының 18 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-ші бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img