Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Ақмола облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин хабарлады.

Жүргізілген сыртқы талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетігінің жетілмегендігімен, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауымен, сондай-ақ процестерді цифрландыру мен автоматтандырудың жеткіліксіздігімен байланысты.

Мәселен, Департамент ауыл мектебінің бухгалтері жалақыны негізсіз асыра аударғанын анықтады. Мұндай бюджет қаражатын ұрлау директордың бухгалтерге цифрлық кілтті беруіне байланысты мүмкін болды. Бұл аса ірі мөлшерде ақша ұрлауға әкеп соқтырды.

Мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізді.

Атап айтқанда, облыстық Білім басқармасына ақпараттық жүйелерді тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау мәселесін қарастыру, бухгалтерлерге бірінші басшылардың ЭЦҚ беру тәжірибесін жою, қаржылық операцияларды растау үшін саусақ ізінің биометриялық сканерлерін енгізуді қарастыру ұсынылды.

Бағынысты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, өңірдің Антикор басшысы Асхат Оразхан облыстың 400-ге жуық білім беру мекемелерінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсінік беру кездесуін өткізді.

«Біз білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын кездейсоқ талдаған жоқпыз, барлық бюджеттің 70%-ға жуығы дәл осы салаға бөлінеді және ұрланған бюджет қаражатының негізгі үлесі төлем қорына тиесілі. Негізінен ұрлық, парақорлық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталды. Барлық анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша біз тиісті ұсыныстар жолдадық, қазір олар Білім басқармасының орындауында», — деп атап өтті Айдос Жақиялин.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...