Сенбі, Мамыр 11, 2024
15.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Ақмола облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Бұл туралы Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин хабарлады.

Жүргізілген сыртқы талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетігінің жетілмегендігімен, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауымен, сондай-ақ процестерді цифрландыру мен автоматтандырудың жеткіліксіздігімен байланысты.

Мәселен, Департамент ауыл мектебінің бухгалтері жалақыны негізсіз асыра аударғанын анықтады. Мұндай бюджет қаражатын ұрлау директордың бухгалтерге цифрлық кілтті беруіне байланысты мүмкін болды. Бұл аса ірі мөлшерде ақша ұрлауға әкеп соқтырды.

Мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізді.

Атап айтқанда, облыстық Білім басқармасына ақпараттық жүйелерді тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау мәселесін қарастыру, бухгалтерлерге бірінші басшылардың ЭЦҚ беру тәжірибесін жою, қаржылық операцияларды растау үшін саусақ ізінің биометриялық сканерлерін енгізуді қарастыру ұсынылды.

Бағынысты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, өңірдің Антикор басшысы Асхат Оразхан облыстың 400-ге жуық білім беру мекемелерінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсінік беру кездесуін өткізді.

«Біз білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын кездейсоқ талдаған жоқпыз, барлық бюджеттің 70%-ға жуығы дәл осы салаға бөлінеді және ұрланған бюджет қаражатының негізгі үлесі төлем қорына тиесілі. Негізінен ұрлық, парақорлық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталды. Барлық анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша біз тиісті ұсыныстар жолдадық, қазір олар Білім басқармасының орындауында», – деп атап өтті Айдос Жақиялин.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...