spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

-Жарнама -spot_img

Целиноград аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның телефон хабарламасы келіп түсті. Әйел 14 сәуірде сағат 06.00-де 1960 жылы туған әкесі балық аулауға кеткенін және полицияға хабарласқанға дейін оралмағанын хабарлады.

Өтініш келіп түскеннен кейін бірден полицейлер іздестіру ісін бастады және құтқарушылармен бірлесіп ер адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

16 сәуірде жоғалған адамның денесін Целиноград ауданы Қабанбай-батыр ауылының маңындағы «Қарасу» су қоймасынан облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері алып шықты.

Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайынын тексеріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары балық аулауды ұнататындарға кез-келген су қоймасы, әсіресе көктем мезгілінде қауіпті екенін еске салады. Балық аулауға барғанда, өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз және оның ережелерін қатаң сақтауыңыз керек.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img