Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында бизнесті қорғауды күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында бизнесті қорғауды күшейту мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында өңірдің қалалары мен аудандары әкімдерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері қаралды.

Жиынды ашқан өңір басшысы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жыл басынан бері ел бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылғанын атап өтті. Жоба кәсіпкерлердің құқықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ету және оңтайлы бизнес-орта құрастыру мақсатында әзірленді.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Асхат Оразхан өз сөзінде бизнес саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында өңірдің 450-ден астам кәсіпкері білім беруден бастап экология мәселелеріне дейінгі түрлі салаларға қатысты өз проблемаларын шешуге көмек алды. Барлық өтініштер тиісті тізілімге жиналады, бұл ретте жеке мәселелерден басқа бизнестің жүйелік мәселелеріне де назар аударылады. Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында балық шаруашылығы саласында осы саладағы бизнестің дамуына теріс әсер ететін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір мемлекеттік мекемелердің басшылары кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге келгенде енжарлық танытады.

«Мемлекеттік органдар артық әуре-сарсаңдар мен жасанды әкімшілік кедергілер тудырмай, заңдарға сүйене отырып, бизнес саласында негізделген шешімдер қабылдауы қажет. Шенеуніктер, ең алдымен, басшылық — мәселенің мәнін түсініп, сол жерде бірден анық-қанығына жетуі керек», — деді Асхат Оразхан.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бизнестің қазіргі қоғамдағы рөлін атап өтіп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына бұзушылыққа жол беретін тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдана отырып, кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ӨКП арасында өзара іс-қимылды жолға қоюды тапсырды.

«Мемлекеттік аппаратта және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шараларды қамтамасыз ету қажет. Жеке бизнесті заң тартыстарына іліктіруге жол берілмейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарында жұмысты іске асыру үшін әрбір басшының дербес жауапкершілігі туралы ескертемін», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Отырыста сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету мәселелері қаралды.

ЖАО басшыларына ТБН-4 шеңберінде іс-шаралардың орындалу сапасын күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...