Жексенбі, Мамыр 12, 2024
8.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында бизнесті қорғауды күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында бизнесті қорғауды күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында өңірдің қалалары мен аудандары әкімдерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері қаралды.

Жиынды ашқан өңір басшысы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жыл басынан бері ел бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылғанын атап өтті. Жоба кәсіпкерлердің құқықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ету және оңтайлы бизнес-орта құрастыру мақсатында әзірленді.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Асхат Оразхан өз сөзінде бизнес саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында өңірдің 450-ден астам кәсіпкері білім беруден бастап экология мәселелеріне дейінгі түрлі салаларға қатысты өз проблемаларын шешуге көмек алды. Барлық өтініштер тиісті тізілімге жиналады, бұл ретте жеке мәселелерден басқа бизнестің жүйелік мәселелеріне де назар аударылады. Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында балық шаруашылығы саласында осы саладағы бизнестің дамуына теріс әсер ететін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір мемлекеттік мекемелердің басшылары кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге келгенде енжарлық танытады.

«Мемлекеттік органдар артық әуре-сарсаңдар мен жасанды әкімшілік кедергілер тудырмай, заңдарға сүйене отырып, бизнес саласында негізделген шешімдер қабылдауы қажет. Шенеуніктер, ең алдымен, басшылық – мәселенің мәнін түсініп, сол жерде бірден анық-қанығына жетуі керек», – деді Асхат Оразхан.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бизнестің қазіргі қоғамдағы рөлін атап өтіп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына бұзушылыққа жол беретін тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдана отырып, кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ӨКП арасында өзара іс-қимылды жолға қоюды тапсырды.

«Мемлекеттік аппаратта және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шараларды қамтамасыз ету қажет. Жеке бизнесті заң тартыстарына іліктіруге жол берілмейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарында жұмысты іске асыру үшін әрбір басшының дербес жауапкершілігі туралы ескертемін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Отырыста сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету мәселелері қаралды.

ЖАО басшыларына ТБН-4 шеңберінде іс-шаралардың орындалу сапасын күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...