Воскресенье, 15 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауБауыржан Ғайса Көкшетау қаласына әкім болып тағайындалды

Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласына әкім болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Бауыржан Ғайса Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев таныстырды.

Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Челябі мемлекеттік агроинженер университетін «инженер-механик», 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «есеп және аудит бакалавры», 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттік экономика жоғарғы мектебін «Еуропа Одағындағы мемлекеттің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы қызметінен бастаған. 1992 жылдың сәуірінен 1994 жылдың желтоқсан аралығында Қостанай облысы Затобол кентінің «Күміс» шағын кәсіпорнында жұмыс істеді. 1994-2011 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындардың басшысы болды.

2013 жылдың сәуір айында «Nur-Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін «Nur-Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін — Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі. Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары — іс басқарушы лауазымын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Зеренді ауданының әкімі лауазымында болды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...

«Көшпенділер әлемі» этноауылының салтанатты ашылуы өтті

Күні бойы Ақмола облысының мәдени бағдарламасы ұсынылады. Салтанатты шеруде бірліктің нышанына айналған "Тайқазанға" Ақмола облысының делегациясы қатысты, оның құрамында еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, спортшылар,...