Жексенбі, Мамыр 5, 2024
4 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында колледж студенті мефедрон салғаны үшін 10 жылға сотталды

Ақмола облысында колледж студенті мефедрон салғаны үшін 10 жылға сотталды

2023 жылғы наурызда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот психотроптық заттарды өткізгені үшін кінәлі деп танылған Көкшетау тұрғынына қатысты үкімді жариялады.

2022 жылдың шілдесінде 19 жастағы студент қаржылық қиындықтарға тап болып, тез арада заңсыз ақша табуға шешім қабылдады. Сөйтіп, интернеттегі жарнама арқылы ақшаға есірткі салушы болып жұмысқа орналасқан.

Екі апталық «жұмыстан» кейін жас жігітті Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іс үстінде ұстады, 22 грамнан астам мефедрон тәркіленді.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындамады, алайда оның есірткіні заңсыз өткізуге қатысы Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен расталды.

Сот студентті кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...