spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыАқмола облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған фотосуреттер байқауы өтті

Ақмола облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған фотосуреттер байқауы өтті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Мемлекеттік рәміздер күні-барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше мереке. Осы айтулы оқиғаның құрметіне Шортанды ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Instagram әлеуметтік желісі алаңында «Бұл Менің туым» атты фотосуреттер байқауы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған фотобайқаудың басты мақсаты – жастардың патриотизмі мен мәдениетін қалыптастыру, Отан үшін мақтаныш сезімін білдіру болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында фотобайқаудың қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындар ең көп лайк саны бойынша анықталды. Бірінші орынды Шортанды кентінің №3 мектебінің оқушысы Орал Орынбасар иеленді.

«Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат негізделген құндылықтарды бейнелейді. Бұл-ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан, Мемлекеттік рәміздер өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие», – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Мерей Ақшалов.

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында өңірде мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img