Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында мемлекеттік қызметтегі жастардың мөлшері артып келеді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі жастардың мөлшері артып келеді

​ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында Департаменттің 2022 жылы атқарған жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйіне жүргізілген мониторинг мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр.

Мониторинг нәтижесіне сәйкес облыстың мемлекеттік органдарында 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Жыл сайын жоғары кәсіби білімі бар мамандар саны өсуде: мемлекеттік қызметшілердің 89,3% жоғары білімді, оның ішінде 18,3% екі не одан артық жоғары білімі бар мамандар, олардың ішінде ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, жоғары оқу орнынан кейінгі және шетелдік білім иегерлері еңбек етуде.

Гендерлік саясат сәтті іске асырылуда – қызметшілердің 66,7% әйелдер, оның ішінде 21% басшылық лауазымдарды иеленуде: облыстық басқарма басшылары арасында – 10,5%, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары – 23,9%, дербес бөлім басшылары – 48,6%, ауыл әкімдері-17,8%.

Қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі оң серпінге ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда 104 қызметші тағайындалды, олардың 72,1% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер арасындағы жастар саны 16,9% құрайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер қатарына жас мамандарды тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асырылуда. Бұл мектептің миссиясы жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері қатарынан мемлекеттік қызмет үшін жоғары білікті, құзыретті кадрларды даярлау болып табылады.

Облыстың жастар-ресурстық орталығымен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бос орындар жәрмеңкелері, кеңес сағаттары, жастармен кездесулер, имидждік және зияткерлік іс-шаралар, ашық есік күндері, «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциялары өткізіледі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...