Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында оқу кабинеті мен бензинді жоғары бағада сатып алмақ болған

Ақмола облысында оқу кабинеті мен бензинді жоғары бағада сатып алмақ болған

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді.

Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті.

Мысалы, Ақкөл ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда оқу кабинетін 16,6 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған болатын, алайда, мұндай кабинеттің орташа нарықтық құны 6-дан 8,5 млн теңгеге дейін өзгереді. Департаменттің уақтылы ұсынысының арқасында мекеме тауардың бағасын екі есеге, яғни 7,5 млн теңгеге дейін төмендетті. Нәтижесінде бюджетті үнемдеу 9 млн теңгені құрады.

Зеренді ауданының білім бөлімінде ағымдағы жылдың қаңтар айында АИ-92 маркалы бензинді 15 млн теңгеге немесе бір литрін 321 теңгеге сатып алу жоспарланған болатын, бұл осы кезеңдегі бензиннің нарықтық құнынан екі есе жоғары. Өңірлік Антикор араласқаннан кейін үнемдеу шамамен 2 млн теңгені құрады.

Департаменттің ұсынымдары бойынша ағымдағы жылдың басынан бері 30-ға жуық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сатып алу жоспарларын қайта қарап, 600 млн теңгеден астам сомаға бюджетті үнемдеді.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алуға мониторинг бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануды болдырмау шеңберінде алдын алу құралдарының бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті – жоспарлау кезеңінде тауарлардың құнын жасанды түрде көтерудің алдын алу.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...